Бір минут ішінде: -Фатиха сүресiн 5 мәрте қайталап оқи аласың әрi осы үшiн саған 7000 жақсылық жазылады. -Ықылас сүресiн 15 мәрте оқи аласың. Яғни, Құранды бес рет оқып шыққандай сауап аласың. -«Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамд, уә һуа ъала кулли шайин қадир» дұғасын 20 мәрте қайталай аласың. Яғни Аллаһ жолында Исмаилдың сегiз ұлын босатқандай боласың. -«Субханаллаһи уа бихамдиһ» дұғасын 100 мәрте айт аласың әрi күнделiктi күнәларың кешiрiледi. -«Лә хаулә уа лә қууата иллә билләһ» дұғасын 40-тан аса қайталай аласың. Ал бұл жаннаттың байлықтарының бiрi. -«Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың. Яғни Аллаһтан күнәларының кешiрiлуiн сұрау. Истиғфар айту – күнәлардың кешiрiлуiне, жәннатқа кiруге, қуатты болуға, бәленiң алдын алуға, өмiрiңнiң жақсаруына, жаңбырдың жаууына, бала-шаға мен дүниенiң көбеюiне себепкер болады. -20 мәрте Пайғамбарымызға с.а.с. салауат айтуға болады. Бұның сауабы ретiнде Аллаһ сiзге 200 есе қылып қайтарады. -«Субханаллаһи уа бихамдиһ, Субханаллаһил ъазим» дұғасын 50 мәрте айтуға болады. Бұл дұға тiлге жеңiл арғы дұниеде таразыда ауыр болады. -Бир минут iшiнде «Лә иләһә иллаллаһ» деп 50 мәрте айтуға болады. Ал бұл сөздердiң ең ұлысы. -«Субханналлаһи, уалхамду Лиллаһи уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу акбар» дұғасын 25 мәрте айтуға болады. Бұл дұға Аллаһ субханаһу уа таъаланың сүйiктi сөздерiнен. -Бiр минут iшiнде екi қолыңды көтерiп Аллаһқа дұға ете аласың. Аллаһ дұғаларымызды қабыл етіп, тура жолынан адастырмасын. Араб тілінен аударған Ұ.Алиакбарұлы.

Теги других блогов: оқу Құран дұғалар